Маңғыстауда «Кендірлі» су тұщыту зауытын іске қосу жұмыстары толық аяқталды. Кәсіпорын тәулігіне 50 мың текше метрге дейін су тұщытуға қауқарлы. Жобаны — Мемлекет басшысының тапсырмасымен, «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы жүзеге асырды. Енді, бұдан былай Жаңаөзен қаласы мен оған іргелес жатқан елді мекендер тұрғындары ауыз судан тапшылық көрмейді.
Теңіз суын тұщыту зауыты — Қазақстанда осы бағыттағы ірі жобалардың бірі. Оны «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы қазақстандық өндірушілер мен мамандарын барынша тарта отырып, қысқа мерзімде аяқтады. Зауыт кері осмос қондырғысы бар суды тұщыту цехынан, тұзсыздандыру және минералдандыру цехынан тұрады. Нысан пайдалануға дайын. Жыл соңына дейін облысәкімдігінің коммуналдық меншігіне беру жоспарланған.
Өркен Бисақаев, «AK SU KMG» ЖШС бас директоры
Қазіргі таңда зауыт жұмыс істеп тұр. Су Жаңаөзен халқын сапалы, таза ауыз сумен қамтамасыз етеді. Осы зауыттың инженерлік-техникалық қызметкерлерін бәрін оқудан өткіздік. Олардың бәрі осы зауыттың реттеу және қосу жұмыстарына қатысты.
Зауыттан Жаңаөзен қаласына дейін магистралды су құбыры жүргізілген. Сонымен қатар электр беру желілері, талшықты-оптикалық байланыс желісі, газ құбыры менавтожол төселді.
Мақсат Ибағаров, Кендірлі су тұщыту зауытының директоры:
Біздің зауыт ерекше комплектацияда жасалған. Оның ішінде Европейский техника. Электрика, автоматика, АСТП секілді өте заманауи техникалар.
Кәсіпорында тұрақты 91 адам жұмыс істейді. Тұщытылған су Жаңаөзен қаласы мен оған жақын ауылдарды ауыз сумен қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, «Астрахань-Маңғышлақ» магистралды су құбырына жүктемені азайтуға ықпал етпек.
Источник: «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы